Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткен спорттық шараға 30 жастағы 30 сотталған қатысты

Түркістан облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткен спорттық шараға 30 жастағы 30 сотталған қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жуырда Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Жетісай аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтар үстел теннисіненжарысқа қатысты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудан жастары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жазаға тартылған жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Спорт-нашақорлыққа қарсы» атты үстел теннисінен спорттық шара өткізілді. Бұл сайысқа отыз сотталған азамат қатысты. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қателік жасап жазаға тартылған жастар арасында спорттық шара ұйымдастырып отырады. Жыл басынан бері Жетісай аудандық прробация қызметі жыл басынан бері сотталған азаматтардың қатысуымен төрт спорттық шара өткізді.

– Үстел теннисі – өте қызықты, жан-жақты және әр жастағы адамдар үшін қолжетерлік ойын. Қимыл-қозғалыстың тездігі, шабуылдың шапшаңдығы және техникалық қиыстырулардың кенеттілігімен өзіне қатты қызықтыратыны анық. Осындай ерекшелігімен көпшіліктің назарын өзіне аударып келе жатқан кезекті ойынды Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторлары Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №20 Тұрар Рысқұлов атындағы мектебінде аудан бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған жастарға ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану және қылмыс пен құқықбұзушылыққа жол бермеу. Бұл жарыста пробация қызметінің есебіндегі жастар турнир көрігін қыздырып, тартысты ойын өрнегін көрсетті, – деді Жетісай аудандық пробация қызметінің бастығы Ділшод Назаров.


Елбасының ұлағатты бастамаларын толығымен қолдап, қателік жасап сотты болған жастарды қоғамға бейімдеу мақсатында әртүрлі спорттық шаралар Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп өткізіліп келеді. Өз кезегінде жастар орталығының басшысы Н.Мутаев Жетісай аудандық пробация қызметінің бастығы Ділшод Назаровқа және пробация қызметінің қызметкерлеріне спорттық шараларды өткізуге атсалысып жүргені үшін Алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру