Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәсіпкерлік мақсаттағы қайтарымсыз ақша алып беремін деп шымкенттікті алдап кеткен алаяқ ұсталды

Кәсіпкерлік мақсаттағы қайтарымсыз ақша алып беремін деп шымкенттікті алдап кеткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында танысы кәсіпкерлер палатасы арқылы қайтарымсыз 500 мың теңге көлеміндегі ақшаны алуға көмектесемін деп, сеніміне кіріп, 75 000 теңге көлеміндегі қаражатын иемденген. Арада уақыт өтсе де не уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай жүргенін жазып көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Абай АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, басқармаға жеткізді.

Қазіргі уақытта азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру