Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада есептегі адамдар бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты

Қызылордада есептегі адамдар бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласындағы “Бақытты отбасы” орталығында Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімі бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.

Жәрмеңкеге қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған 15 азамат жұмыс іздеуші ретінде қатысты. Жұмыс беруші мекемелерден электрик, сантехник, шаштараз, есепші, жұмысшы мамандықтарына сұраныстар көп болды. Нәтижесінде, пробация қызметінің есебінде тұрған 4 адам “Кристал-строй kz” ЖШС мекемесіне жұмысшы ретінде жолдама алды.

– Есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру – олардың құқық бұзушылықтармен қайта қылмыс жасауларының алдын алу шараларының бірі. Жыл басынан 34 есептегі азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулысымен 23 жұмыс орындарының квотасы бекітілген. Есептегі жұмыссыз 23 адам квота бойынша жұмысқа орналасты, – деді қалалық пробация қызметі бастығы Бақыт Наурызбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру