Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 209 лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында 209 лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында 10 айда барлығы жалпы қолданыстағы автожолдарға 1240 тексеру жүргізілді, қорытындысы бойынша мүдделі субъектілердің атына кемшіліктерді жою туралы 1255 ұйғарым шығарылды.

– Жолдарды қанағаттанарлықсыз күтіп ұстағаны және жолдарда жұмыс жүргізу ережелерін бұзғаны үшін 209 лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 21 – ауыл және ауылдық округ әкімдері, оларға 6 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Мысалы, Шарбақты трассасының 10 шақырымында тексеру жүргізу барысында жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кемшіліктер анықталды. Филиалдардың бірінің 44 жастағы директорына қатысты автожолдарды қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік өндіріс қозғалды, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Бәкібай Ахмедьянов.

Тәртіп сақшысы есеп беру кезеңінде 185 теміржол өтпесі тексерілгенін атап өтті. Қажетті жол белгілерінің болмауы, жарықтың дұрыс болмауы, төсемнің қанағаттанарлықсыз жай-күйі күтіп-ұсталуының негізгі ақаулары болып табылады, анықталған кемшіліктерді жоюға 185 ұйғарым берілді. Темір жол өтпелерін қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін 25 лауазымды тұлғаға шамамен 730 мың теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру