Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шекарадан өтпек болған шетелдіктің шалбарынан есірткі табылды

Түркістан облысының полицейлері шекарадан өтпек болған шетелдіктің шалбарынан есірткі тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі контрабандасы бойынша күдікті ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай өткізу бекетінен өту кезінде Өзбекстан Республикасына қарай бара жатқан орта жастағы әйелге Белка қызметтік иті белгі берген. Содан шекарашылар бірден жедел тергеу тобын шақырған. Сарыағаштық тәжірибелі полицейлерден құралған тергеу тобы әйелдің Өзбекстан Республикасының азаматы екенін анықтады.

Сонымен қатар полицейлер күдікті әйелді тінту кезінде оның шалбарының бел тұсынан есірткі тектес затты тәркілеп алды. Алынған зат сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша есірткінің бес грамға жуық «гашиш» екені расталды.

Аталған дерек ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Қазіргі таңда шетел азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру