Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда бұрын сотты болған ер адам ұрлық қылмысымен ұсталды

Түркістанда бұрын сотты болған ер адам ұрлық қылмысымен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның тұрғын үйіне түнгі уақытта белгісіз біреулер кіріп, сарайында тұрған құны 25 мың теңге болатын темір плитасын жымқырып кеткен. Аталған жайт ҚК 188-бабы (Ұрлық) қылмыстық құқық бұзушылығымен тіркелді.

Орын алған қылмысты ашып, күдіктіні анықтау мақсатында полицейлер жедел іске кірісті. Осы аумаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторлары көрген-білгендерден жауап алды.

Полицейлер үзіліссіз барлық темір қабылдайтын орындарды қарап шықты. Осылайша ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, ұсталды. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің үйіне заңсыз кіріп темір плитаны байқап, жеңіл жолмен пайда табуды көздеген. Бүгінде ұрланған темір айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері мүліктеріңізге барынша сақ болыңыздар деп ескертеді. Мүмкіндігінше аулаларыңызға бейнебақылау камераларын орнатып, бағалы заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыздар. Қауіпсіздік шараларын іске асыратын болсаңыз, ұрылардың жолына тосқауыл қоясыздар. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада полицияға хабар беріңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру