Абай ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша күнделікті рейдтер өткізілуде
Абай ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша күнделікті рейдтер өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері аудан аумағында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік іс-шаралар өткізуде.
Ағымдағы жылдың 10-11 наурыз аралығында 8 мөлтек ауданының аумағында жүргізілген іс-шара барысында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 153 адам жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) – 22 хаттама толтырылды;
ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша – 10 хаттама; ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша – 14 хаттама; ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша – 25 хаттама толтырылды және өзге де құқық бұзушылықтар. Уақытша уытсыздандыру орнына 10 адам жеткізілді.