Абай ауданының полицейлері 2 мыңға жуық азаматқа төлқұжат рәсімдеген
Абай ауданының полицейлері жыл басынан бері екі мыңға жуық азаматқа төлқұжат рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ-нің бұйрығымен Шымкент қаласы Полиция департаментінің полицейлері КСРО құжатымен жүрген азаматтарға құжаттарын қайта рәсімдеп, дер кезінде тиісті көмекті көрсетуде. Мәселен жыл басынан бері Абай ауданы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімі 1974 жылғы үлгідегі қызыл құжатпен жүрген төрт азаматқа тиісті құжаттарын тапсырған. Сондай-ақ жыл басынан бері 1957 азаматқа төлқұжат, 5897 азаматқа жеке куәлік берілсе, 1221 азаматтың жоғалған құжаттары қалпына келтірілген.
Ал тергеу органдарымен қамауға алынған азаматтардың құжаттарын қалпына келтіру бойынша – үш, түзеу мекемелеріндегі 16 азамат құжаттандырылған.
Айта кетейік ҚР ІІМ тапсырмасымен қала аумағында құжатсыз жүрген адамдарды құжаттандыру жұмыстары жүйелі түрде атқарылып келеді. Яғни жеке куәліктерінің жарамды мерзімі асып кеткен, сондай-ақ денсаулықтарына байланысты өз беттерімен жүре алмайтын, мүмкіндігі шектеулі жандар мен қариялардың құжаттарын ауыстыруға көмек көрсетілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.