Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде сотталғандарға кәсіптік білім беру мәселелері бойынша сабақ өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандарға кәсіптік білім беру мәселелері бойынша сабақ өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіздік мекемесінде мекеме жанынан жұмыс істейтін политехникалық колледж оқытушыларымен бірлесіп, сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде кәсіптік білім беруді ұйымдастыруды реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілерді зерделеуге бағытталған сабақ өткізілді.

Сабақ барысында қатысушылар білім алу құқығының халықаралық және конституциялық негіздерімен, кәсіптік оқыту саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен, сондай-ақ сотталғандарға арналған білім беру процесін ұйымдастыру тәртібімен танысты.

Тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын жазасын өтеу кезеңінде мамандық алу мүмкіндіктері мен бостандыққа шыққаннан кейінгі еңбекке орналасу перспективалары туралы талқылау тудырды.

– Бас бостандығынан айырылғанға дейін мен қылмыстық жолмен табыс тауып жүрдім — достарыммен бірге ұрлық жасадым. Құнды заттарды ұрлап, сатып жіберетінбіз. Ол кезде білімсіз де, адал еңбек етпей-ақ өмір сүруге болады деп ойладым. Алайда бәрі басқаша болды. Өз әрекеттерімнің салдарынан бас бостандығынан айыру орындарына түстім. Осында жүріп білім алудың және заңды еңбекпен табыс табудың қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Қазір қателіктерімді түзетіп, жаңа өмір бастауға ешқашан кеш емес екенін, тіпті мекемеде жүрген кезде де өзгеруге болатынын түсіндім, — деп бөлісті сотталған.

– Білім алу және кәсіби дағдыларды меңгеру сотталғандарды әлеуметтік бейімдеудің маңызды кезеңі болып табылады. Кәсіптік оқыту сотталғандарға сұранысқа ие мамандықтарды игеруге, білім деңгейін арттыруға және бостандыққа шыққаннан кейін дербес өмірге дайындалуға көмектеседі. Біздің міндетіміз — әрбір ниет білдірушіге білім алуға, мамандық меңгеруге және алдағы уақытта өзін заңды жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдай жасау. Осындай іс-шараларды өткізу сотталғандардың өз болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, білім алуға ынтасын арттыруға және бостандыққа шыққаннан кейін табысты әлеуметтенуіне ықпал етеді, — деп атап өтті сотталғандарды жұмыспен қамту бөлімінің бастығы Қуанышбек Туканов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру