Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында 100 келіден астам балықты құжатсыз тасымалдаған азамат ұсталды

Абай облысында 100 келіден астам балықты құжатсыз тасымалдаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 сәуір күні «Құқық тәртібі» жедел алдын алу іс- шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері Алматы – Өскемен тасжолының 912 шақырымында Абай облысының 33 жастағы тұрғынының басқаруындағы Toyota автакөлігін тоқтатады. Тексеру барысында көлік жүксалғышынан арнайы рұқсат құжаттары жоқ 2 мөшек пен 7 полиэтилен пакетке салынған 100 келіден астам әртүрлі мұздатылған балық табылған.

Қазіргі уақытта жиналған материал Абай облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру