Абай облысында ауыл тұрғыны моншасында марихуана кептірген
Абай облысында моншасында марихуана кептірген ауыл тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қыркүйек айының соңында «Канал-Неман» ЖПІШ өткізу барысында есірткі құралдарын заңсыз сақтау фактісі анықталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлердің назарына Бородулиха ауданы Орловка ауылының 50 жастағы тұрғыны ілінген. Оның моншасын тінту кезінде киім кептіруге арналған жіпке ілінген жасыл түсті өсімдік тектес бұта табылған.
Сот-химиялық сараптама ұсынылған зат салмағы 196, 00 гр құрайтын кептірілген марихуана екенін көрсетті.
Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.