Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында банк алдындағы берешегін сегіз жыл бойы өтемей келген жүргізуші ұсталды

Абай облысында банк алдындағы берешегін сегіз жыл бойы өтемей келген жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласында полицейлер бірнеше жыл бойы банк алдындағы қаржылық міндеттемелерін орындаудан жалтарып жүрген 32 жастағы Lexus автокөлігінің жүргізушісін ұстады.

"Қорғау" ақпараттық жүйесі арқылы тексеру барысында ер адамның 2017 жылдан бері екінші деңгейлі банкке 173 000 теңге көлемінде берешегі бар екені анықталды.

Банк пен сот орындаушылары тарапынан бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан, борышкер қарызын өтеуден жалтарған.

Нәтижесінде жүргізушінің Lexus автокөлігі ұсталып, берешегі өтелгенге дейін арнайы айып тұрағына қойылды. Полиция сот шешімдерін орындамау және қарыздарын төлемеу шетелге шығуға тыйым салу, мүлікті тәркілеу және өзге де заңды мәжбүрлеу шараларына әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру