Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында бөтеннің көлігін айдап кеткен азамат ұсталды

Абай облысында бөтеннің көлігін айдап кеткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жарма ауданының Шар қаласы ПБ кезекші бөліміне Семей қаласының тұрғыны хабарласып, белгісіз адам үйдің жанындағы тұраққа қойылған оның ВАЗ-2114 маркалы автокөлігінің салонына кіріп, айдап кеткенін хабарлаған.

Дереу ұстау жоспары енгізілді. Нәтижесінде 34 жастағы Шар қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Жауап алу барысында ол өз кінәсін толық мойындады. Күдіктінің бұрын осындай қылмыс жасаған үшін істі болғандығы анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі «Айдап кету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру