Абай облысында иесіз жайылған 1 500-ден астам мал арнайы қораларға орналастырылды
Абай облысында иесіз жайылған 1 500-ден астам мал арнайы қораларға орналастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көктемгі маусымның басталуымен еркін жайылымдарда мал саны артады. Ал иелерінің немқұрайлы көзқарасы көбінесе қайғылы салдарға әкеліп соғады.
Мал көбінесе жол-көлік оқиғаларын тудырады.
Абай облысының полицейлері рейдтік шаралар жүргізіп, патрульдеу барысында қаңғыбас малды анықтайды. Рейдтердің негізгі мақсаты еркін жайылатын малдың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау, сондай-ақ мал ұрлығының алдын алу.
Облыста иесіз жайылған малға арналған 135 айыппұл қорасы бар.
Жыл басынан бері Абай облысының полицейлері бақылаусыз жайылып жүрген 1 500-ден астам бас малды анықтап, айыппұл тұрақтарына орналастырды.
ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша, ҚР ветеринария саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша 25 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін 814 адам жауапты болды.
Абай облысы полиция департаменті барлық мал иелеріне ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін қатаң сақтау туралы ескертеді.