Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері дүкенге түскен ұрыларды анықтады

Ақмола полицейлері дүкенге түскен ұрыларды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шортанды ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмысты ашты.

6 сәуір күні полицияға Шортанды ауданының Пригородное ауылындағы дүкендердің бірінің иесі 5 сәуірге қараған түні белгісіз адамдар 70 мың теңге сомасында қаражатын және кассалық аппаратты иемденгені туралы өтінішпен жүгінді. Күдіктілер алдыңғы есіктің құлпын бұзып, дүкенге кіргені белгілі болды.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы саусақ іздерін алып, полицейлер қызметтік-іздестіру итінің көмегімен құрал мен зақымдалған касса аппаратын тауып алды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары, ауланы аралау барысында күдіктілердің жеке басы анықталды, олар 35 және 46 жастағы екі жергілікті тұрғын болып шықты, жасаған әрекеттерін мойындады. Күдіктілер ақшаны жұмсап үлгерген.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру