Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ІІО ардагерлері жас офицерлермен кездесті

Абай облысы полиция департаментінде ішкі істер органдарының еңбек сіңірген ардагерлері мен криминалдық полицияның жас қызметкерлерінің кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бейбіт Исаковтың, отставкадағы полиция подполковнигі ардагерлер кеңесінің төрағасы Раиса Смагуловна Косубаеваның төрағалығымен өтті.

– Қылмыстық іздеуді жақсы көру керек. Ашылған әрбір қылмыс кітап жазуға тең, – деп атап өтті ішкі істер органдарының ардагері Төлеуғали Сексенбаев.

Жас офицерлер қылмыстың ашылуы, қылмыстық іздестірудегі қызметтің қыр-сыры туралы әңгімелерді құлшыныспен тыңдады.

– Бойға сіңген кәсіби әдет ешқашан қалмайды. Қызметкерлер бойға сінген. Біздің жадымызда барлық жұмыс сәттері, әрбір қылмыс сақталады, – деді  Ішкі істер органдарының ардагері Жетпісбай Ибраев.

Бұл кездесу қылмыстық іздеудің еңбек сіңірген ардагерлерін ондаған жыл бұрын жағымды және баға жетпес естеліктерге батырып қайтарды.

– Біз ішкі істер органдарының ардагерлеріміз, өз тарапымыздан кез келген уақытта полицейлердің жас буынына көмек көрсетуге, өз тәжірибемізбен бөлісуге, кеңес беруге дайынбыз, – деп атап өтті отставкадағы полиция полковнигі Зариф Фахриев.

Жас қызметкерлер жоғары дәрежелі қылмыстардың ашылуы туралы қуана тыңдады.

– Тәжірибелі ардагерлердің жас қызметкерлермен кездесуінің мұндай тәжірибесі, патриоттық және кәсіби тәрбие бөлігінде жемісті болары сөзсіз, – дейді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Бейбіт Исаков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру