Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік анықталды

ШҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұндай шара елден уақытылы кетпегені үшін қабылданды. ШҚО ПД көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері күн сайын уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарын тіркеу мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалардың олардың болуы туралы хабарламаларының болуын тексереді.

Өскемен қаласындағы осындай тексерулердің бірінде тәртіп сақшылары белгіленген мерзімде елден шықпаған Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады.

Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін құқық бұзушыға 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынып, сот қаулысымен Қазақстан Республикасынан шығарылды.

– Сонымен қатар жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 100-ден астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 6-ы сот шешімімен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылды, – деп атап өтті ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру