Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полиция мас күйде көлік жүргізген жүргізушіні ұстады

Абай облысында полиция мас күйде көлік жүргізген жүргізушіні ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласының полиция қызметкерлері рейдтік іс-шара барысында алкогольдік масаң күйде жүк көлігін басқарған жүргізушіні анықтады.

Оқиға түнгі сағат 00:00 шамасында болған. Полиция қызметкерлері Газель автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісін тоқтатып, тексерді. Медициналық куәландыру нәтижесінде оның орта дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Мас жүргізуші жолға шыққанда, оның жанында отырған адам ғана емес, жолдағы барлық азамат қауіпке түседі.

Егер алкоголь ішкен болсаңыз, көлікке жақындамаңыз. Рөлді басқа адамға беріңіз, такси шақырыңыз немесе көлікті сол жерде қалдырыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру