Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады

Полиция интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-алаяқтар азаматтардың ақшасын иемдену үшін түрлі айла-тәсілдерді үнемі жетілдіріп, телефон қоңырауларын, мессенджерлерді, әлеуметтік желілерді және жалған сайттарды пайдаланады.

Жетісу облысы полиция департаментінің киберполиция қызметкерлері ескертеді: банк картасының деректерін, құпиясөздерді, PIN-кодтарды және SMS арқылы келетін растау кодтарын ешкімге бермеңіз.

Алаяқтар өздерін банк, полиция немесе мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, түрлі сылтаулармен ақша аударуға немесе құпия мәліметтерді беруге көндіруі мүмкін.

Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз және қысыммен асығыс шешім қабылдамаңыз.

Есіңізде болсын: сіздің қырағылығыңыз — алаяқтардан қорғанудың ең тиімді жолы. Егер қоңырау немесе хабарлама күмән тудырса, әңгімені дереу тоқтатып, банкке немесе тиісті ұйымға өзіңіз хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру