Түркістан облысында полиция берешегі бар жүк көлігінің жүргізушісін анықтады
Түркістан облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүргізілген рейд барысында төленбеген әкімшілік қарызы бар жүк көлігі анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесі патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары шара барысында аудан көшелерінің бірінде орналасқан бейнебақылау камерасы арқылы JAC жүк көлігінің жүргізушісі анықталып, тоқтатылды.
Тексеру нәтижесінде аталған жүк көлігінің жүргізушісі бұрын бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасап, жалпы сомасы 370 000 теңгеден астам әкімшілік берешектерін 8 айдан астам уақыт бойы төлемегені анықталды.
Атап айтқанда сақтандыру саласындағы заңнама талаптарын бұзу, көлік құралдарын пайдалану қағидаларын сақтамау, көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы, белгіленген жүру жылдамдығын арттыру, жаяу жүргіншілердің немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу сияқты әкімшілік шара көрілген.
Осыған байланысты “Қорғау” ақпараттық жүйесі арқылы тиісті әкімшілік шаралар қабылданып, аталған автокөлік айыптұраққа қойылды.
