Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында пробация есебінде тұрған екі азамат бас бостандығынан айырылды

9 маусым күні Абай облысы ҚАЖД Үрджар аудандық №1 пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үржар аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы бойынша есепте тұрғандандарға қатысты сот талқылауы барысында жауаптылыққа тартылған Б. және А. есімді екі азаматқа қатысты бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыру туралы ұсынысы қанағаттандырылды.

Пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен талаптарын бұзушылықтарға жол берген екі сотталғанның өтелмеген жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Осы ашық сот отырысы Үржар аудандық №1 пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың сотпен жүктелген міндеттерін бұзбауға, қайталама қылмыс жасамаулары үшін алдын-алу мақсатында өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру