Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі жастар арасында шағын футболдан іріктеу турнирі өтті

Қызылорда қалалық пробация есебіндегі жастар арасында шағын футболдан іріктеу турнирі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық жастар ресустық орталығы мен пробация қызметі ұйымдастырған жарысқа пробация есебіндегі жастардан үш команда құрылып, жарыс көркін қыздырды. “Ақсуат”, “Достар”, “Асылан” секілді командалар қатысқан жарыстың ашылуында облыстық жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Ерлан Сисенбиев командаларға сәттілік тілеп, алдағы уақытта өткізілетін спорттық шараларға қатысуға шақырды.

Қызу да, тартысты өткен доп додасында командалар бар шеберліктерін салды. Спорттық шараның әділ өтуіне қалалық спорт бөлімінің нұсқаушылары Ж.Жолаханов, Д.Өтегенов қазылық етті.

Жарыс қорытындысы бойынша “Асылан” командасы жүлделі ІІІ орынға, “Ақсуат” командасы ІІ орынға тұрақтады. Алдына қара салмаған “Достар” құрамасы қарсыластарын қапы қалдырып, жарыс жеңімпазы атанды. Сайыстың іріктеу кезеңінің жеңімпазы атанған “Достар” командасы облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңде барлық аудан, қалалық іріктеуден өткен командалар жеңіс кубогы мен қаржылай сыйлыққа таласқа түсетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру