Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында сотталғандарға арналған әйелдер клубы ашылды

Абай облысында сотталғандарға арналған әйелдер клубы ашылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының әйелдер колониясында 300-ден астам сотталған әйел жазасын өтеп жатыр, бұл 18 бен 65 жас аралығындағы әйелдер. Бұл әйелдер орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталған. Олардың көпшілігі балаларымен байланыста болу және оларға қамқорлық жасау үшін "Әйелдер ісі " атты клубын құрған болатын. Олардың көпшілігі жалғызбасты аналар және көп балалы аналар. Мұндағы клуб мүшелері балаларына тоқылған, тігілген және тіпті ойыншықтар жасап жібереді.

Клубта барлығы 50 әйел бар. Сотталғандардың ішінде қазір балалары балалар үйінің қамқорлығында қалғандары бар . Балалар анасының сыйлықтарын туыстары келгенде, сәлемдемелер және бандерольдер арқылы алады.

- Клубтың негізгі мақсаты - сотталған әйелдер үшін қауіпсіз кеңістік, онда олар психологиялық қолдау ала алады, өзін-өзі көрсетуді, эмоционалды интеллект пен сындарлы қарым-қатынасты дамыта алады, қолдау ортасын құруға ықпал етеді, жеке тұлғаны дамытуға, ішкі ресурстарды қалпына келтіруге және бостандықта өмір сүруге дайындалуға бағытталған , - деп атап өтті мекеменің психолог инспекторы Алтынгүл Агатанова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру