Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында тұрғындарды сан соқтырған алаяқ қолға түсті

Абай облысында тұрғындарды сан соқтырған алаяқ қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

37 жастағы ер адам Зайсан қаласында жүріп, тұрғындарды көлік тасымалдаймын деп алдаған. Көліктерді тасымалдағаны үшін ер адам 30 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін алдын ала ақы алған. Осылайша, “тасымалдаушы” бір аптада төрт азаматты алдап, 300 мың теңгеден астам пайда тапқан.

Сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша деп тауып, төрт жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Бірақ пробация қызметінің есебінде тұрғанда ер адам өзіне тиісті қорытынды жасамай, жауапкершіліктен жалтарған. Сол үшін ол қазір Семейдегі қауіпсіздігі аралас мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Мекемеге келген соң онымен тәрбие жұмыстары жүргізілді, сотталушы істеген ісіне өкінеді, жұмысқа орналасып, зардап шеккендерге өтемақы төлегісі келеді, – дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Қалелов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру