Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері жоғалған 15 жастағы қызды іздеп тапты

Абай облысының полицейлері жоғалған 15 жастағы қызды іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қаңтарда “102” арнасына 34 жастағы Семей тұрғыны келіп, 15 жастағы қызының жоғалып кеткені туралы хабарлады. Қыз үйден шығып, қайта келмеген.

Жасөспірім қыздың жоғалып кету фактісі Әуезов полиция бөлімінде тіркелді. Оны іздеуге Абай облысы ПД аумақтық бөлімшелерінің барлық жеке құрамы бағдарланды. Іздеуге 150-ден астам полиция қызметкерлері мен еріктілер қатысты.

Іздеу іс-шаралары барысында құқық қорғау органдары жоғалған қыздың болуы мүмкін жерлерді іздеді. Облыс орталығының сергек тұрғынының ақпараты бойынша қыздың шамамен орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік туды. Іздеу іс-шаралары барысында полиция қызметкері көшеде жасөспірім қызды тапты. Қазіргі уақытта бала ата-анасына тапсырылды. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру