Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының тұрғыны өз танысын тонап кеткен

Абай облысында ер адам өз танысын тонап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 маусымда Әуезов полиция бөліміне Семей қаласының 25 жастағы тұрғыны жүгініп, тонау фактісі туралы хабарлады. Шақыру бойынша дереу жеткен полицейлер қаскүнемнің оның қолынан құны 170 мың теңге тұратын IPhone 6 телефонын ашық түрде ұрлап кеткенін анықтады.

Белгілі болғандай, қаскөй жәбірленушінің танысы болып шыққан. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде қызметкерлері “ізін суытпай” 36 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ұрланған телефон иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру