Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ қазақстандықтарды интернет-дүкендеріндегі алаяқтардан сақ болуды ескертеді

Интернет-дүкендерінен онлайн сатып алу мен сату кезіндегі жиі кездесетін алаяқтықтан ІІМ сақ болуды ескертеді,- деп хабарлайды Polisia.kz

Сату туралы хабарландырулар: Қаскүнемдер электрондық шотқа қаражат аудару арқылы алдын ала төлем сұрау және бірнеше күн ішінде өңделетін тапсырысты жүзеге асыру секілді қарапайым тәсілді пайдаланады. Осыдан кейін тапсырыс берушіге кешігетіні және тауар жақын күндері жеткізілетіндігі туралы жауап береді. Бірақ, бірнеше аптадан кейін интернет-дүкен көрсетілген мекенжайы бойынша өз қызметін тоқтатады және тапсырыс беруші тауарды да, ақшаны да ала алмайды.

Сатып алу туралы хабарландыру: Алаяқ-сатып алушылар банк картасының деректемелерін немесе SMS кодын тауар үшін ақша аударуға сұрайды, содан кейін банк шотынан ақша ұрлайды. Қаскүнемдердің басты міндеті – кез келген тәсілмен пайдаланушыдан қажетті ақпаратты білу болып табылады. Бұл CVV/CVC карта коды және олардың нөмірлері, есептік жазбалардың парольдері және басқа да жеке деректер болуы мүмкін.

Ескертеміз! Ешқашан жеке ақпаратты ашық түрде орналастырмаңыз, өзін банк қызметкері болып таныстырса да жеке мәліметтеріңізді бермеңіз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру