Адамдар арасында қылмыстың алдын алу шараларының маңызы зор
Шығыс Қазақстан облысында сотталғандармен тәрбиелік іс-шаралар өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сотталғандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыс жасаудың алдын алу бағытындағы шараларды жандандыру – бүгінгі күннің басты мақсаты болып табылады.
– Соңғы кезде, адамдар арасында төбелес , қоғамдық тәртіпті бұзу, әкімшілік жауапкершілікке тартылу, қалта телефондарын, басқа да мүліктерін ұрлау фактілері т.б. жиі орын алады. Осындай тәртіпсіздіктерге сотталғанға дейін адамдар көбірек баратын көрінеді. Сондықтан да тіркеуде жүрген адамдармен көбірек тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізген жөн, – дейді Солжағалау аудандық пробация қызметінің инспекторы Гүлжан Таткенова.
Кейбір адамдар кей кезде шалыс қимылдап қылмыстық әрекеттерге барады да, оқыс оқиғаларға ұрынып жатады. Алайда, бәріміз де заң алдында жауап беруіміз керек. Талай «құқық бұзушылықтар» соттың жағдайға қарап, кешірім жасап кеңшілік танытуы арқасында темір тордың арғы жағына жөнелтілмей, ел ішінде қалып тұрмыс тіршілігін жақсартып, өмір сүріп жатыр.
– Қазіргі таңда Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінде тіркеуде болған сотталған азамат «А» Өскемен қаласы №2 сотының қаулысымен тәртібінің жақсы болғанымен, сонымен қатар ешқандай құқық бұзушылықтарға жол бермегені үшін ҚР ҚК-нің 72-бабымен бір жыл төрт ай екі күнге мерзімінен бұрын босатылды, – деп қосты Гүлжан Таткенова.
Пробация қызметі бөлімінің басты мақсаты- сотталған пенделердің екінші қайтара қылмысқа ұрынбай тәртіпті болуы. Бұл біздің қоғамымызда борышымыз деп саналады.