Адамдар көмек қолын созған СҚО полицейлеріне алғыс білдіруде
Адамдар көмек қолын созған СҚО полицейлеріне алғыс білдіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновтың атына алғыс хаттар келуде. Оның бірінде Петропавл қаласынан зейнеткер әкімшілік полиция қызметкері Ринат Багаутдиновқа ризашылығын білдірген. Техникалық ақау салдарынан жасамаған құқық бұзушылық – қоғамдық орында спирттік ішкені үшін айыппұл туралы оның күйеуіне хабарлама келген. Қала тұрғыны телефонмен хабарласқаннан кейін, тексеріс жүргізілген, айыппұлдың күші жойылып, хабарлама нақты құқық бұзушыға жолданған.
– Ринат мән-жайды жедел анықтап, мәселенің оң шешілуіне көмек көрсетті. Органдағы осындай бей-жай қарамайтын, қайырымды жандарға алғыс білдіремін, – дейді зейнеткер.
Әкімшілік полицияның келесі бір қызметкері Камила Шәрішеваға жол-көлік оқиғасында мән-жайды мұқият анықтағаны үшін Петропавл қаласының тұрғыны алғыс білідереді.
– Петропавл қаласы ПБ ӘПБ аға инспекторы К.Шәрішеваның кәсіби және объективті әрекетінің арқасында іс бойынша мәселенің анық-қанығына жету мүмкін болды, – деді ол.
WhatsApp мессенджері бойынша Ғ.Мүсірепов ат. ауданның Рузаевка ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Мақсат Киікбаевтың атына Көкшетау тұрғынынан алғыс келіп түсті. 14 қазанда кешке Рузаевка ауылында көкшетаулықтың Volkswagen Passat көлігі сынып қалған. Полицейдің көлігін байқаған отағасы көмекке жүгінген.
– Барлық көлік жөндеу орталықтары жабық болды, бірақ полиция майоры М. Киікбаев ашық тұрғанын тауып алып, жарқылдауық маягін қосып ілесіп жүрді, өз нөмірін қалдырып, қажет болған жағдайда көмекке келетін айтты. Сондай-ақ көлікті жөндеуге көмектескен Евгений Сандерске алғыс айтқым келеді. Екі баламен осындай жағдайда жолда қалдырмаған жандарға үлкен алғыс айтамын, – деп жазады көкшетаулықтар.
Күнделікті жұмыста полицейлер түрлі жағдаймен бетпе-бет кездеседі. Қызметкерлерге берілетін негізгі бағдар – адамдарға көмек көрсету, олардың заңды құқықтарын қалпына келтіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.