Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ағымдағы жылда есірткінің заңсыз айналымына қатысты 418 дерек анықталды

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жылды қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер тарапынан жүргізілген профилактикалық жұмыстар мен оның нәтижелері төмендегідей.

Ағымдағы жылда есірткінің заңсыз айналымына қатысты 418 дерек анықталды. 193 қылмыс пен 225 қылмыстық әрекеттер. Оларды жіктейтін болсақ, есірткі сатудың – 68, аса ірі көлемде есірткі сақтаудың – 15, есірткі контрабандасының – 33, есірткі өсімдігін заңсыз егіп-өсірудің 77 дерегі тіркелді.

Осы ретте заңсыз айналымға да тоқтала кетер болсақ, облыс полицейлерімен жалпы көлемі 6 тн 720 келі есірткі заты тәркіленді. Оның ішінде есірткінің ауыр түрі саналатын героин 5 гр, синтетикалық есірткі 4,2318 гр, гашиш 48 келі 046,7 гр, марихуана 786 келі.

Нәтижелі жұмыстар аясында небары соңғы екі ай ішінде бес қылмыстық іс анықталды.
Мәселен, Қазығұрт ауданының полицейлері ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеді. Яғни жергілікті тұрғын күдікті ер азамат ауданның басқа тұрғынына салмағы үш грамнан асатын есірткіні сатқан. Ер азамат қылмыс үстінде ұсталып, қамауға алынды. Ал үйін тінту кезінде ауласынан есірткісі бар алты дана қағаз орама мен төрт дана сіріңке қорапшасы алынды. Олардың жалпы салмағы 195 грамды құрайды.

Сондай-ақ дәл осы ауданнан есірткіге қатысты тағы да екі жайт анықталды. Яғни тәуліктеп жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қазығұрттық тұрғынның бірінен 35 грамм есірткісі бар полиэтилен пакеті алынса, екіншісінің үйіне тінту жүргізу кезінде 53 грамм есірткі заты тәркіленді. Аталған жайттарға байланысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде полицейлермен сотқа есірткіге қатысты 173 іс жолданып, 167 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Түркістан облысының полицейлері ескертеді! Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ешқашан және ешуақытта ғасыр дерті саналатын есірткіні қолданбау қажет.

Сондай-ақ әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстағаны абзал.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру