Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңа жылдық ертегі: Алматы полициясы мүгедек қызға кездесу ұйымдастырды

Алматы полициясы мүгедек қызға өзі жанкүйер болып жүрген адаммен кездесу ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 жастағы Айғаным Мелисбек – кішкентайынан мүгедек (ДЦП). Ол – ПД конвой қызметі батальонының қызметкері Жарас Оразбаевтың қызы.

– Жаңа жыл қарсаңында мен және менің әріптестерім мүмкіндігі шектеулі балалардың, оның ішінде ерекше балалар тәрбиеленетін қызметкерлеріміздің отбасыларының тілектері мен армандарын орындау туралы шешім қабылдадық. Айғаным әнші Төреғали Төреәлінің жанкүйері болып шықты. Біз оған баланың арманына бірден жауап беріп, қызға қонаққа келгені үшін алғыс айтамыз. Жалпы, Жаңа жыл алдында алматылық полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған әріптестерінің 50-ге жуық отбасыларына және мүгедек балалары бар 40-қа жуық отбасына барды. Балаларға бұл сапар ерекше болды, сондықтан ол театрландырылған форматта өтті. Осы мақсаттар үшін қазіргі полиция қызметкерлері Аяз ата мен Ақшақардың киімін киді, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуали Нашарбеков.

Алматы қаласы бойынша департаменттің Кадр саясаты басқармасының мәліметтері бойынша, Алматы полициясы қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамынан 42 қызметкер мүмкіндігі шектеулі балалары бар балаларды тәрбиелеуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру