Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әйелден кепілге көлікті алып, қайтармады

Қызылордада кепілге алған тұрғынның көлігін қайтармаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қыркүйек күні полицияға алаяқтық дерегі бойынша 41 жастағы әйел арызданды. Жәбірленуші 2015 жылы өзінің “Нексия” автокөлігін кепілге қойып, қала тұрғынынан 300 мың теңге ақша алған. Қарызынан құтылған ол әлі күнге дейін көлігін қайтара алмай жүрген.  

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде Қызылорда қаласының 37 жастағы тұрғыны анықталды. Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындап, оған қатысты “ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат” түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру