Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Үйдің шатырын жауып беремін»: алаяқ зейнеткерден ақша алып, жоқ болды

Қызылорда облысында «үйдің шатырын жауып беремін» деп алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы орталығының тұрғыны 71 жастағы қарт анадан «үйдің шатырын жауыпберемін» деген желеумен сеніміне кіріп, ақшасын алдап алған. Алаяқ келісілген уәде бойынша осы күнге дейін үйдің шатырын жауып бермей қашып жүрген.
Аталған дерек негізінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдікті Махамбетов ауылы тұрғыны 44 жастағы азамат анықталды. Ол кінәсін мойындап, оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру