Әйелдер колониясында балаларға мереке ұйымдастырылды
Балаларды қорғау күніне орай Алматы облысы Жауғашты аулындағы ЛА – 155/4 мекемесінде мерекелік шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тағдыр тәлкегімен төрт қабырға ішінде өсіп келе жатқан бүлдіршіндерге құрмет көрсетілді. Сыйлықтар табысталды.
19 сәби Жауғаштыдағы әйелдер колониясында өсіп келеді. Олардың мұнда түсуі әр түрлі болғанымен себеп бір – ананың қателігі.
– Мен сәбиіммен осында жүргеніме бір жылдан асты. Мені үйде қос сәбиім күтіп отыр. Әрине, еркіндікке не жетсін. Көп жағдайда байқай бермейміз. Еш шектеусіз жүріп тұрғанды, балаңмен шығып қыдырғанды сезіп жатамыз. Ата-анамызды, олардың мейірімін қасында болғанда бағалай бермейміз. Бұл жерде бәрін түсіндіргендей. Сол себепті мен және басқа аналар бізбен бірге осында тұрып жатқан балаларымызға қолайлы жағдай туғызғымыз келеді. Олар сезінбесе екен дейміз қиындықты. Бұл ретте мекеме әкімшілінің үлесі зор. Балаларынмызға ең жақсы өмір сыйлауға барлық керекті іс-шараны атқаруда, – дейді жасасын өтеуші ана Анна Богатова.
Қазір елімізде әйелдерге арналған алты түрме бар. Бірі осы Жауғашты колониясы. Соңғы 20 жылда бұл жерде 509 сәби дүниеге келіпті.