Әйелін қорлаған ақмолалыққа қатысты тергеу жүргізілуде
Әйелін қорлаған ақмолалыққа қатысты тергеу жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 маусымда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына 26 жастағы жергілікті тұрғыннан өтініш түсті. Азаматша 33 жастағы күйеуі оған физикалық зорлық-зомбылықпен қауіп төндіретінін айтты.
Аталған факті бойынша Полиция басқармасының тергеу бөлімі ҚР ҚК 115-бабы (Қауіп) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ақмола облысы ПД ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы Марина Беликтің ақпараты бойынша, жылдың басынан бастап учаскелік полиция инспекторлары мен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері тұрмыста құқыққа қарсы әрекеттері үшін 367 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 304 адам денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін және 124 адам тұрмыста ұрып-соққаны үшін.
Сонымен қатар, отбасылық салада құқық бұзушылар тарапынан бірге тұратын адамдарға қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауға жол бермеу үшін Ақмола полицейлері жыл басынан бері 1683 қорғау нұсқамасын шығарды.