Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Нелегал-2022”: ШҚО полицейлері базарларды, құрылыстарды және қоғамдық тамақтану орындарын тексереді

ШҚО полицейлері базарларды, құрылыстарды және қоғамдық тамақтану орындарын тексереді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасына заңсыз келген адамдарды анықтау, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында, сондай-ақ өзара іс-қимылды жандандыру, заңсыз көші-қон арналарын, шетелдіктерді еңбекке заңсыз тарту фактілерін анықтау бойынша жұмыста ақпарат алмасу мақсатында 27 маусым мен 4 шілде аралығында жалпы республикалық “Нелегал-2022” жедел алдын алу іс-шарасы өтеді.

– ШҚО-да заңсыз еңбек көші-қонының жолын кесу үшін базарларда рейдтік іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, көші-қон полициясының қызметкерлері барлық құрылыс нысандарын, асханалар мен дәмханаларды міндетті түрде тексереді. Заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда, – деп атап өтті ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру