Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әккі алаяқ құрықталды

Қарағандыда зейнеткерді алдап, ұялы телефонын алып кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 желтоқсанда Қарағанды қаласының ПБ Теміржол полиция бөліміне 78 жастағы зейнеткер хабарласып, бейтаныс адамның ұялы телефонын алып кеткені туралы шағымданды.

Жәбірленуші үйдің ауласында жүргенде белгісіз біреу шұғыл қоңырау шалуға оның телефонын сұрап алып, үйлердің арасымен қашып кеткен.

Шығын мөлшері 35 мың теңгені құрайтын бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық)  қылмыстық іс қозғалды.

7 желтоқсанда полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған 31 жастағы күдіктіні ұстады. Ол кінәсін мойындады. Ұялы телефон тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.

Тексеру барысында күдіктінің осыған ұқсас төрт қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру