Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алакөлде заңсыз балық аулаудың екі дерегі тіркелді

Алматы облысының Алакөл көлінде заңсыз балық аулаудың екі фактісі әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Жедел-алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру барысында заңсыз балық аулаудың екі дерегі тіркелді. Балықтардың жойылуының негізгі себептерінің бірі – браконьерлердің ихтиофаунаны жоюы болып отыр. Азаматтар бұл қылмыстық іс-әрекеттің артындағы жауапкершілікті әрдайым және толық түсіне бермейді, – дейді Алакөл аудандық полиция бөлімінің басшысы Қуат Оспанов.

Аталған деректер негізінде ҚР ҚК-нің 335-бабының 1-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілерден барлығы 689 келі балық тәркіленген.

– Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Ауданымыздың полиция қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау, табиғат байлықтарын сақтауда аса белсенділік танытуын жалғастыра бермек. Осы ретте барша алакөлдіктерді табиғаттың таңғажайып қазыналарына қиянат жасамауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырамын. Ертеңіміз табиғатпен етене байланысып жатқанын ескере отырып, қоршаған ортаны аялай білейік дегім келеді. Қысқы маусымда заңсыз балық аулаумен қатар, мұзға шығу талаптарының сақталмауы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Мұзда балық аулау-сақтық шараларын қатаң сақтауды талап етеді. Сақ болыңыздар! Жақындарыңызға және өздеріңізге абай болыңыздар! – деп қорытындылады Қуат Оспанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру