Алаңда көлігімен дрифт жасаған шымкенттік жүргізуші жауапқа тартылды
Шымкентте Наурыз алаңында көлікпен дрифт жасаған жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 4 ақпанында Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері қызмет барысында Наурыз алаңында жиналған автокөліктердің арасында жүргізушілердің бірі ақ түсті «Mercedes» маркалы автокөлігімен түрлі қозғалыс жасап, дрифт элементтерін орындағанын және бұл әрекетімен айналаға қауіп төндіріп жатқанын байқаған.
Жедел басқару орталығының кезекшісі аталған жерге патрульдік полиция полк экипаждарын жіберді. Нәтижесінде үш автокөлік айыптұраққа жеткізілді. Автокөліктердің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда:
– Дрифт элементтерін жасаған «Mercedes » маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі, 590-бабы 5-бөлігі және 630-бабы 1-бөлігімен;
– «Toyota Camry 70» маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі; 603-бабы 1-бөлігі және 595-бабы 5-бөлігімен;
– «Toyota Rav 4» маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 5-бөлігімен жауапқа тартылды.
Наурыз алаңында «Toyota Rav 4» маркалы автокөлігінің нөмірі мен иесі болмағандықтан, жедел-тергеу тобы аталған автокөлікті қарау барысында ішінен травмат тапаншаны анықтаған. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тәртіп сақшыларымен жүргізілген профилактикалық сұхбаттан кейін «Mercedes» маркалы автокөлігінің жүргізушісі алдағы уақытта жол ережесін бұзбауға уәде берді.
Барша жол қозғалысының қатысушыларын жол жүру ережелерін бұзбауға шақырамыз.