Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ ақмолалыққа 14 млн теңгеге несие рәсімдеуге көмектесуді уәде еткен

Алаяқ ақмолалыққа 14 млн теңгеге несие рәсімдеуге көмектесуді уәде еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 тамызда Целиноград аудандық полиция бөліміне 32 жастағы жергілікті тұрғын өтініш берді.

Жәбірленушінің айтуынша, ол WhatsApp әлеуметтік желісіндегі чаттардың бірінде авторы сыйақы үшін несие алуға өтінімді мақұлдауға жүз пайыз уәде беретін хабарландыруға тап болған.

Белгісіз ер адаммен хабарласқан жәбірленуші 14 млн теңге сомасына банктік несиені кедергісіз рәсімдеу туралы уағдаласқан және ер адамға қызметі үшін 150 мың теңге сомасында қаражат аударған. Ақшаны алған қаскөй телефонын өшіріп тастаған.

Целиноград АПБ аталған іс бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Павлодар облысының 29 жастағы тұрғыны болып шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру