Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ ШҚО тұрғынының атына 760 мың теңгеге жуық қаражатқа несие рәсімдеген

Алаяқ ШҚО тұрғынының атына 760 мың теңгеге жуық қаражатқа несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шілде айының соңында Риддер қаласы полиция бөліміне қала тұрғыны белгісіз адам мобильді қосымшаның көмегімен оның атына 759 970 теңге сомасында тауарлық несие ресімдеп, жоғалып кеткені туралы арызбен жүгінген.

Жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары дереу 23 жастағы күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады.

Ұсталған адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттеу түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оның санкциясы 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Полиция департаменті барлық азаматтарды мұқият және қырағы болуға сондай ақ, бірқатар қарапайым қауіпсіздік қағидаларын есте сақтауға шақырады:

— ешбір жағдайда бейтаныс адамдарға өзіңіздің жеке деректеріңізді (аты-жөні, ЖСН, карта нөмірі, жеке куәлік нөмірі және т. б.) жария етпеңіз;

Өзіңізді алдауға жол бермеңіз, егер сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, дереу «102» арнасына хабарласыңыз.

Есіңізде болсын сіздің деректеріңіз бен қолма қол ақшаңыздың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру