Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы академиясының мамандары Түркістан облысына іссапармен барды

Алматы академиясының мамандары Түркістан облысына іссапармен барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

М.Есполатов атындағы Алматы академиясының маманы Әсем Қырғызбекқызы бастаған топ Түркістанға арнайы іссапармен барды. Атап айтсақ, іссапармен келгендер қатарында кафедраның профессоры Майя Тоқсанова, аға оқытушы Жұлдыз Сидашева, ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Лейла Култемирова бар.

Бұл мамандар Түркістан облысының барлық қала, ауданы әкімдерінің орынбасарлары, полиция бөлімдерінің басшылары мен басқа да тиісті органдармен облыс әкімдігінде кездесу өткізді. Жиын барысында Түркістан облысы әкімдігінің жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу бойынша құрылған ведомствоаралық топпен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндамалар тыңдалды. Мәлімдемені Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Бегімхан Ахметов, Түркістан ҚПБ бастығы Бауыржан Жанаев жасады. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер талқыланды.

Сондай-ақ полицияның сервистік моделі бойынша қылмыстың себеп-салдары мен оны болдырмау жолдарын анықтауда қажетті дамыған елдердің әдістері ұсынылды. Аталған мамандар 4 күн бойы Түркістан өңірінде сервистік полиция моделіне көшу жұмыстары бойынша жасалып жатқан жобалармен танысып, пысықтайтын болады.

Айта кететін жайт, полиция департаменті бастығының тікелей қадағалауымен соңғы жылдары Түркістан облысында полицияның сервистік модельге көшуі, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жедел және дамыған әдістерді қолдануы, цифрлық технологияны меңгеруі, қылмыстардың азаюы мен тосқауыл қойылуы бойынша жүйелі жұмыстар іске асырылып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру