Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ танысын алдап, ұялы телефонын алып кеткен

Сайрам ауданының полицейлері алаяқтықпен ұялы телефон алған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам ауданының полициясына алаяқтықтың құрбаны болғаны жайлы ауыл тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, Сайрам ауданы Далабазар көшесінің бойында өзінің танысын көріп қалған. Содан танысы арызданушының ұялы телефонын “сөйлесіп алайыншы” деп сұраған. Жәбірленуші “Samsung Galaxy A41” ұялы телефонын танысына бергенін, содан танысы телефонмен сөйлесіп әрі қарай кетіп қалғанын баяндайды. Өзінің алданғанын түсінген жәбірленуші полиция қызметкерлеріне бірден арызданады. Келтірілген шығынның көлемі 104 мың теңгені құрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша Сайрам АПБ-ның СДТБТ-не тіркелді.

Қылмысты ашу мақсатында полиция қызметкерлері жақын маңдағы аумақтарды мұқият аралап, куәгерлерден жауап алды, сондай-ақ бейнебақылау камераларын тексерді және басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сайрам АПБ полицейлері күдіктіні ұстады. Ол полиция басқармасына жеткізілген жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті танысын арызданбайды деп ойлап алып кеткен. Сонымен қатар ұялы телефонды өз қажеттілігі үшін базарлардың бірінде 43 мың теңгеге сатып жібергені анықталды. Бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және өз мүлкін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Егер, сіз, алаяқтықтың немесе ұрлықтың құрбаны болсаңыз, дереу полицияның “102” нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру