Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пәтерден құрылыс заттарын қолды қылды

Тараздық полицейлер пәтер ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың 23 қарашасында Тараз қаласының 40 жастағы тұрғыны полицияға оның пәтерінің есігін бұзып, жалпы сомасы 112 мың теңге көлеміндегі құрылыс заттарын ұрлап кеткен қылмыскерді табу туралы өтінішпен жүгінген.

Тараз қ. ПБ 1-ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен облыс орталығының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Мәселен, ұсталған азамат пәтер ұрлығын жасағанын мойындады, айғақ заттар (құрылыс заттары) тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта ол Тараз қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру