Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автокөлік ұрлағандар ұсталды

Таразда автокөлік ұрлағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-полиция бөліміне облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны хабарласып, үйінің алдына қойылған “Toyota Land Cruiser” маркалы автокөлігін белгісіз біреулердің ұрлап айдап кеткенін айтып шағымданған. Белгілі болғандай, ұрылар көлік салонына кедергісіз кірген, өйткені көлік иесі есікті ішіндегі кілттерімен ашық қалдырған. Келтірілген шығын сомасы бес миллион теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері 17 және 18 жастағы күдіктілерді” ізін суытпай ” ұстады. Көлік Тараз қаласының шеткі аудандардың бірінен табылды. Ұсталғандар өз кінәсін мойындап, көлікті міну үшін ұрлап кеткенін айтты.
Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабының 2-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру