Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық полицейлер бірнеше мәрте ұрлық жасаған күдіктіні құрықтады

Тараздық полицейлер бірнеше мәрте ұрлық жасаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қ. ПБ 1-ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері бірнеше мәрте ұрлық жасаумен айналысқан 20 жастағы азаматты ізін суытпай ұстады. Күдікті кезекті ұрлығын Тараз қаласының сауда орталығында орналасқан киім бутиктерінің бірінде жасаған. Қарапайым сатып алушы ретінде киім ауыстыратын орынға кіріп, өзінің сыртқы киімінің ішінен сатылымдағы киімдерді киіп, білдірмей шығып кеткен. Оның дүкенге келтірген залалы 72 980 теңгені құрайды.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Тараз қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Заттай дәлелдемелер (киімдер) тәркіленіп, дүкенге қайтарылды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру