Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ тұрғындардың телефонын алып, қашып кеткен

Түркістан облысының полицейлері ұялы телефондарды ұрлап кеткен алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш ауданының полиция бөліміне алаяқтықтың құрбаны болған жергілікті тұрғындар арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, алаяқ қоңырау шалу сылтауымен олардың ұялы телефондарын алдап алған. Аталған жайттарды полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтықбойынша СДТБТ-ға тіркеп, күдікті адамды іздеуге кірісті.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыағаш АПБ полицейлері бір тәулік ішінде күдіктінінің ізін суытпай ұстады. Ол бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталған Келес ауданының тұрғыны болып шықты, оны аудандық полиция бөліміне жеткізді. Тергеу күдіктінің өз еркімен қылмысқа қайта барғанын анықтады.

Яғни жергілікті базарлардың бірінде ер адам алаяқтық жолмен сатушылардың бірінен “Samsung” ұялы телефонын алдап алады. Сатушының сеніміне кірген күдікті ұялы телефонынан қоңырау шалып алуды өтінеді, содан соң телефонмен бірге оқиға орнынан қашып кетеді. Келесі жағдайда, қаскүнем дәл осы айла-тәсілімен асханада бірге тамақтанған танысының да ұялы телефонын жымқырып кетеді. Демек күдікті ер адам жәбірленушіден құны 80 мың теңге тұратын ұялы телефонын қоңырау шалуға сұрап алып, смартфонмен бірге қашып кеткен. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы 150 мың теңгеден асады.

Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрланған телефондар айғақты зат ретінде тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды. Күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде мұқият болуға кеңес береді. Алаяқтардың айла-амалдарына түспеу үшін белгісіз адамдарға артық сенім артпау қажет. Егер сіз алаяқтықтың немесе басқа да қылмыстардың құрбаны болсаңыздар, дереу полицияға хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру