Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас халдегі ер адам жасөспірім балаларының өміріне қауіп төндірмек болды

Шымкентте жасөспірім балаларының өміріне қауіп төндірмек болған мас халдегі ер адамға қатысты тергеу жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қазан 2020 жылы Еңбекші АПБ-ның кезекші бөліміне “102” арқылы Шымкент қаласы Айнатас елді мекені №12 орамының нөмірсіз үйде отбасылық жанжал болып жатқаны бойынша хабарлама түскен.

Аталған хабарлама бойынша Еңбекші АПБ жергілікті полиция қызметі бөліміне қарасты №52 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері оқиға орнына дер кезінде жетті. Мас халдегі ер азамат үйіне 50 литрлік газ балоны мен кәмелет жасына толмаған екі баласын алып кіріп, олардың өміріне қауіп төндірген.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 119-бабы 1-бөлігімен (Қауіпті жағдайда қалдыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Медициналық куәландыру нәтижесінде ер азамат орта дәрежеде мас болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру