Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробация есебінде тұрған сотталған азаматшаға көмек көрсетілді

Қызылорда облысында пробация есебіндегі сотталған азаматшаға қайырымды жандар көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бөтен адамдарға қамқорлық танытып, көмек көрсету кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Дегенмен қоғамда қайырымдылық жасауды өмір салтына айналдырған адамдар да жоқ емес.

Міне осындай жеке кәсіпкер қалалық пробация есебінде тұратын азаматшаға көмек қолын созды. Ол пробация есебінде тұрған азаматшаның жағдайын көріп, азық- түлікпен қоса үйінің ескі терезелерін жаңартып, жылу жүйесін де іске қостырып берді.

Бүрсең қағып, жылуы жоқ аядай бөлмеде отырған отбасының балалары енді алаңсыз, жылы үйде асыр салып ойнап жүр.

– Өзім үйде балаларыма қарап отырмын. Жолдасымның тұрақты жұмысы да жоқ. 2020 жылдың ақпан айынан бастап пробация есебінде тұрамын.  Тұрмыс жағдайымды зерделеп, әлеуметтік көмек көрсеткен қалалық пробация қызметінің басшылығы мен қайырымды жан Нұрбек мырзаға алғысымды айтамын, – деді есептегі азаматша .

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру