Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда көлік құралын басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Қарағандылық полицейлер бұрын ішімдік ішіп, мас күйінде көлік жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматты тағы да көлік айдап жүрген жерінен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қазан күні патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет өткеру барысында қала көшелерінің бірінде жол жүру ережесін бұзып келе жатқан “Митсубиси ” маркалы автокөлікті  байқаған.

Көлікті тоқтатып, тексеру кезінде 30 жастағы жүргізушіден алкогольдік ішімдіктің иісі шығып тұрған. Өткізілген  сараптама жүргізушінің мас екенін анықтады.

Тексеріс барысында оның бұған дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346- бабына (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) сәйкес  қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны және оның жаза өткеру мерзімі тек 2023 жылдың 25 қыркүйегінде аяқталатыны белгілі болды.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру